Компания туралы

“Almatech” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қызметін 2002 жылы, ақпараттық технологиялар саласында мамандандырылған қазақстандық компания ретінде бастады. Компанияның негізі қаланғаннан бастап қазірге дейін біз өзімізді алдына жоғарғы мақсаттар қоятын және ІТ көпқырлы әлемінде барлық жаңа бағыттарды меңгере алатын сенімді, тұрақты компания ретінде таныттық.

Компания қызмет еткен кезден бастап жеткілікті тәжірибені жинақтады және мемлекетаралық масштабтағы, бір ел немесе кәсіпорынмен шектелетін, күрделілігі түрлі деңгейдегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін қажетті ресурстарға ие.

“AlmaTech” ақпараттық жүйелерді құру,енгізу және сүйемелдеу бойынша қызметтерді толық шоғырымен қамтамасыз етеді: мәселені қою сатысынан бастап техникалық жүзеге асыру, қолдау және үнемі жетілдіруге дейін. Біз Тапсырыс берушінің нысандарына толық немесе ішінара зерттеу жасалатын, автоматтандырылған процесстер мен жүйелерді жобалау, жүйелік интеграция, күйге келтіру және енгізу, қызметкерлерді оқыту, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау орындалатын кешенді жобаларды орындауды, сондай-ақ аталған элементтердің әрқайысысын жеке орындауды ұсынамыз.

Бейнелерді танудың биометриялық және басқа да жүйелерін құруды, жалпы тағайындалатын қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы, құрылғылардың драйверлерін, смарт-карталар үшін бағдарламалық жасақтамаларды, ұялы қосымшалар мен микробақылағыштарды қарастыратын табысты жүзеге асырылған жобалар, интегралды микрожүйелерді жобалау және өндіру, сериялық автомобильдерді түрлі тапсырмалар үшін арнайы жылжымалы бақылау қосындарына қайта жабдықтау, әртекті және бөлек-бөлек жабдықтың жүйелік интеграциясы бізге ақпараттық технологиялар саласындағы қиындығы түрлі санатты мәселелерді шешуге талаптануға мүмкіндік береді.

Әр жоба бойынша біздің клиенттермен жұмысты біз жеке тәсілдеме қағидаларына, келешектегі және өзара тиімді ынтымақтастыққа қарап құрамыз. Біз үшін әр клиент қымбат, енгізілген жобалардың тиімділігін арттыру және жасалған салымдарды қорғау үшін барлық мүмкін шараларды жасаймыз.

AlmaTech клиенттердің игілігі үшін өзара тиімді және жасампаздық жұмыс жасау үшін әріптестік міндеттемелерді сақтай отырып, басқа компаниялармен серіктестікті қолдайды.