«Біріңғай кезекті-диспетчерлік орталық» бағдарламалық жасақтама

Тағайындалуы: диспетчерлік қызметтің хабарламаны қабылдағанда және ТЖ және ТА жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру кезінде қызметті автоматтандыру.

БКДҚ БЖ функционалдық қызметтері:
– телефон, радиоарна, Ғаламтор желілері арқылы ТЖ және ТА туралы хабарламаларды қабылдау және тіркеу процесстерін автоматтандыру;
– ТЖ және ТА жою кезінде күштерді және құралдарды үйлестіру және басқару кезіндегі көмек;
– бейінді қызметтерді ақпараттық қамтамасыз ету;
– статистикалық ақпаратты қалыптастыру;
– мұрағатты жүргізу, оқиғалардың мәліметтер қорынан іздестіру;
– сыртқы ақпараттық жүйелермен біріктіру (ІР-телефония, радиомониторинг, электронды карталар, навигация жүйелері, веб-порталдар, СМС-шлюздер);
– редакцияланатын анықтамалық жүйе.

БКДҚ БЖ серверлік бөлімнен және клиенттік жұмыс орындарынан тұрады. Сыртқы ақпараттық жүйелермен әрекет ету жеке бағдарламалық модульдер (сервистер) арқылы жүзеге асырылады.

Қажет болған жағдайда БКДҚ БЖ сіздің талабыңызға сай бейімдеуге болады.