Жүйелі интеграция

integration1

integration2

Бағдарламалық-апараттық кешендерді жобалау және құру «AlmaTech» компаниясы қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Тапсырыс берушімен жақын әрекет ету кезіндегі қолданыстағы шешімдердің алуан түрінен оңтайлы және үйлесімді технологияларды таңдау жасалады, нәтижесінде біздің клиенттер бастаушы өндіруші-фирмалардың жетістіктерінен тұратын қазіргі заманғы және өнімділігі жоғары ИТ-өнімдерін алады.

Жобаларға табысты басқарушылық жасау үшін біздің фирма жұмыстарды орындаудың тәртібін, міндеттер мен жауапкершіліктерді үйлестіруді, сапаны бақылауды, тәуекелдерді басқару мен басқа да көптеген сипаттарды реттейтін заманауи тәсілдерін қолданады.

Тапсырыс берушінің жобаларын жүзеге асыру шеңберінде келесі міндеттер орындалады:

    – қолданыстағы ақпараттық-телебайланыстық инфрақұрылымдарды зерттеу, оны жаңа мәселелерді шешу кезінде пайдалану мүмкіндігі;
    – шешілетін мәселелердің құрылымы, байланыстары және тізімі бойынша бастапқы деректер негізінде жүйеге қойылатын талаптарды талдау және қалыптастыру;
    – ақпараттық бірлескен желінің құрылымын қалыптастыру;
    – қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы құру;
    – технологиялық жабдықты, аппараттық және бағдарламалық құралдарды жеткізу, құру, орнату, күйге келтіру;
    – оқыту, кеңес беру және техникалық қолдау.

Бізбен байланысыңыз, өз жобаңызды сипаттаңыз және біз сіз үшін ұсыныс дайындаймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін және шарттарды келісу үшін бізбен байланысыңыз

БЖ жетілдіру

po2

po1

Компанияның бүкіл қызмет ету мерзімінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жетілдіру және енгізу бойынша қызметтер көрсету саласында мол тәжірибе жинақталды. Қазір «AlmaTech» келесі бағыттар бойынша шешімдер ұсынады:

    · Қоғамдық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, жаппай-мәдени шараларды ұйымдастыру саласындағы шешімдер;
    · Талдау, есепке алу және жедел жүйелер;
    · Әңгімелесуді жазу жүйелері, контакт-орталықтар;
    · ГАЖ, картография;
    · Биометриялық жүйелер;
    · Мониторинг жүйелері;
    · Электрондық құжат айналымы;
    · Ақпараттық қауіпсіздік;
    · Мамандандырылған бағдарламалық жасақтама;
    · Мәліметтерді сақтау жүйесі;
    · Желілер және телебайланыстар;
    · Серверлік шешімдер.

Бізбен байланысыңыз, өз жобаңызды сипаттаңыз және біз сіз үшін ұсыныс дайындаймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін және шарттарды келісу үшін бізбен байланысыңыз

Ұялы қосымшалар

mobile-1
mobile-1
mobile-1
Бізге ұялы қосымшаға тапсырыс беріңіз, сол кезде біз маркетинг жүргізіп, техникалық тапсырма құрамыз, дизайн-макетті дайындаймыз.

Жобаның барлық элементтерін келіскеннен кейін, біз бағдарламалауды, AppStore және PlayStore сынамалық пайдалануды және жарияланымды жасаймыз.

Біз тек қана ұялы құрылғы үшін қосымшаны құруды ғана емес, сонымен қатар доменді аттың тіркелуін, дискілі кеңістікті, бағдарламалық жасақтаманы және қосымшаның серверлік бөлімі үшін есептік ресурстарды (Хостинг) жалға алуды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар сіз бізден күрделілігі кез келген дәрежедегі ұялы қосымшаның серверлік бөлігін құруға тапсырыс бере аласыз.
Қосымшаны жетілдіру бағдарламалауды ғана емес, дизайнерлердің, сценаристердің, суретшілердің, аниматорлардың жұмысын, дыбыстық сүйемелдеуді құруды, сонымен қатар тестілеуден өткізетіндердің жұмысын талап етеді. Біз талантты жазушылармен, дизайнерлермен, суретшілермен, аниматорлармен серіктестік етеміз және сіздің талабыңызды қысқа мерзімде минималды мүмкін шығындармен орындай аламыз.

Қосымша ақпарат алу үшін және шарттарды келісу үшін бізбен байланысыңыз

mobile-4

Ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру немесе жұмыс сипаттарын жақсарту

recovery-1
recovery-2
recovery-3
Біздің ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс сипаттарын жақсартудағы тәжірибеміз мол. Осы сияқты мәселелер біздің клиенттерде қою, жобалау қателіктерінен, тиімсіз технологиялық платформаны таңдаудан немесе мердігерлердің жұмысты нашар орындауынан пайда болатын.

Біздің табысты жұмысымыздың кейбір үлгілері:
– Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген мәліметтер банкі;
– Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) Біріңғай автоматтандырылған ақпараттық телебайланыс жүйесі;
– Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік бақылау комитетінің көлік мәліметтер қоры мен тасымалдау динамикасы мониторингінің ақпараттық-талдау жүйесі.
– «Хоум Кредит энд Финанс Банк» (Ресей) кредиттік тапсырыстың мақұлдау процессінде тұлғаны бейнелеу бойынша клиенттердің биометриялық сәйкестендіру түйіні.

Біз оңтайландыру бойынша қызметтер ұсынамыз

Келесі жолмен мәліметтерді іріктеу және есептерді іздестіру жүйесі:
– Мәліметтер қорының тюнингі;
– SQL тюнингі;
– Есептерді іздестіру үшін мәліметтер қорында процедуралық қабатты жүзеге асыру;
– Түпкілікті іріктеуді іздестіру үшін оңтайлы Frame Works пайдалану;

Келесілер арқылы мәліметтерді сақтау:
– Уақытылы қызмет көрсету;
– Оңтайлы индекстік саясатты пайдалану;
– Жүйені кластерлеу;
– Мәселені оңтайландыру үшін мәліметтер қорының нысандық, кестелік және басқа типтерін пайдалану;

Келесі жолдармен математикалық есептердің өнімділігі:
– SSE, AVX, CUDA технологияларын қолдануды пайдалану;
– Бірлесулерді азайту үшін алгоритмді іздестіру.

Жұмыс кезінде ақылы және сонымен қатар open source қорындағы шешімдер де пайдаланылуы мүмкін;операциялық жүйелер Linux, Unix, Windows, Android, iOS; СУБД MySql, Postgres, Oracle, MsSql; бағдарламалау тілдері С, С++, Java, PHP, Object pascal (DELPHI, RAD Studio, embarcadero), Embedded C.

Бізбен байланысыңыз, өз жобаңызды сипаттаңыз және біз сіз үшін ұсыныс дайындаймыз.

Биометриялық сәйкестендіру

biometric-1
biometric-2
biometric-3

AlmaTech биометриялық жүйелерді немесе біздің клиенттердің ақпараттық жүйесі үшін бет-әлпетті бейнелеу бойынша тұлғаны сәйкестендірудің жеке жүйесі негізінде құраушыларды жасайды. «FRS SDK ver.2.0» жасаушының бағдарламалар кітапханасы сияқты құрастырылған биометриялық ядро, технологияларды пайдаланудың икемділігін, қолданыстағы жүйелерге жеңіл әрі арзан бірлесуін немесе мультибиометриялық сәйкестендіру үшін бірігіп пайдалануды қамтамасыз етеді.

Біздің кейбір клиенттеріміз: Ресей Федерациясының ІІМ, Қазақстан Республикасының ІІМ, Болгарияның ІІМ, «Хоум Кредит энд Финанс Банк» (Ресей), «Первое кредитное бюро» ЖШС (Қазақстан) және басқалары.

Бізде бизнестің түрлі салаларында және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде түрлі биометриялық технологияларды пайдаланудағы 20 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Биометриялық жобаны әзірлеу және орындау мерзімі мен құны Сізді таң қалдырады. Біздің бағдарламалық өнімдерді пайдалану нәтижелері әрқашан өлшемді және табысты.

Сіздің қалауыңыз бойынша биометриялық сәйкестендіру бойынша мәселені шешу үшін біз өзіміздің серіктестеріміз – көздің нұрлы қабағы, саусақ іздері, көктамыр, 3-Д бейне және т.с.с. бойынша биометриялық сәйкестендірудегі әлемдік көшбасшыларын қатыстыра аламыз.

Бізбен байланысыңыз, өз жобаңызды сипаттаңыз және біз сіз үшін ұсыныс дайындаймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін және шарттарды келісу үшін бізбен байланысыңыз